Іс-шаралар » Страница 2 » "Айналайын" балалар үйі"
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 30-23-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
Назад 1 2 Вперед
Футбол
28
октябрь
2019
Футбол
Балалардың күзгі демалысын қызықты ұйымдастыру мақсатында 28 – қазан күні тәрбиеші Баядилова Хадиша Төленқызының ұйымдастыруымен «Мерей» және «Жігер» тобының ұлдары арасында футболдан жарыс өтіп, 5:3 есебімен «Қыран» тобы (команда капитаны - Бочаров Максим) жеңіске жетті.
Қазан айында туған балалар мен 1 тоқсанда облыстық
28
октябрь
2019
Қазан айында туған балалар мен 1 тоқсанда облыстық
Қазан айында туған балалар мен 1 тоқсанда облыстық, республикалық спорттық жарыстардан жүлделі орын алған балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, «Малефисента: Владычица тьмы» фильміне апарып, мерекелік түскі ас пен «Funky Town» ойын сауық орталығында арнайы ойындар ұйымдастырған Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті жаратылыстану – техникалық факультет деканы Есенғабылов Ілияс Жансеркенұлына, оқытушылары мен білімгерлеріне алғыс айтамыз!
Инспекторымен кездесу
08
октябрь
2019
Инспекторымен кездесу
7 – қазан күні құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша №16 орта мектеп – гимназиясының инспекторымен кездесу ұйымдастырылды.  
Aуыр атлетика
08
октябрь
2019
Aуыр атлетика
4-қазан күні Үштөбе қаласында  өткен ауыр атлетикадан жасөспірім ұлдар  арасында өткен Алматы облысының жеке чемпионатында Степанов Данил ІІІ орын иеленіп, спорт нұсқаушысы Руслана Алихановна Сысоеваның қоржыны тағы бір қола медальмен толықты. 
«Анадан махаббат, ұстаздан шапағат»
04
октябрь
2019
«Анадан махаббат, ұстаздан шапағат»
3 – қазан күні ұстаздар мерекесіне арналған «Анадан махаббат, ұстаздан шапағат» мерекелік концерті жоғарғы деңгейде өтіп, зейнет демалысындағы қызметкерлерге «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалының басшысынан алғыс хаттар мен балалар үйі кәсіподақ ұйымынан сыйлықтар тапсырылды.
3 қазан күні ҚР білім және ғылым министрлігі
03
октябрь
2019
3 қазан күні ҚР білім және ғылым министрлігі
3 қазан күні ҚР білім және ғылым министрлігі, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің тапсырмасымен барлық қалалардың білім беру мекемелерінде экологиялық сағат өтті.
«Ұлы даланың ұлы тұлғасы»
03
октябрь
2019
«Ұлы даланың ұлы тұлғасы»
2 қазан күні «Айналайын» балалар үйінде  Жалайыр елінде әрі көсем, әрі шешен, әрі би, әрі қол бастаған батыр атанған Балпық бидің 325 жылдығына орай «Ұлы даланың ұлы тұлғасы»
«Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы тегеурінді қаламгер»
30
сентябрь
2019
«Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы тегеурінді
16-28 қыркүйек күндері балалар үйінің директоры бекіткен жоспарға сәйкес ақын, драмашы, прозашы, сатирик, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына арналған «Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы тегеурінді қаламгер» атты қазақ тілі апталығы өтті.
«Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы тегеурінді қаламгер»
30
сентябрь
2019
«Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы тегеурінді
16-28 қыркүйек күндері балалар үйінің директоры бекіткен жоспарға сәйкес ақын, драмашы, прозашы, сатирик, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына арналған «Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы тегеурінді қаламгер» атты қазақ тілі апталығы өтті.
Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығы
21
сентябрь
2019
Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығы
Ақын, драмашы, прозашы, сатирик, қоғам қайраткеріІлияс Жансүгіровтың 125 жылдығына арналған «Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы тегеурінді қаламгер» атты қазақ тілі  онкүндігі аясында жоғары санатты тәрбиеші – Алма Сембекқызы Омарованың ұйымдастыруымен қаламыздағы І.Жансүгіровтың  әдеби мұражайында «Мерей» тобының тәрбиеленушілерінің қатысуымен  «Жетісудың жыр құлагері - Ілияс» айдарымен танымдық сабақ өтті.  1984 жылы құрылған  мәдени-ғылыми мекеменің меңгерушісі Жауынбаева
Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде
16
сентябрь
2019
Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде
Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде  ұйымдастырылған  «Отбасы – бақыт мекені» онкүндігі аясында  2 – қыркүйек күні «Туған күніңмен, «Айналайын!»  тақырыбында сурет байқауы  (Талдықорған облысының әкімінің (№ 79, 01.07.1996ж.) шешімі бойынша 1996 жылдың  2 - қыркүйек  күні Сарқан балалар үйі Талдықорған қаласына ауыстырылған болатын), 3 – қыркүйек күні  «Туған күніңмен, «Айналайын!» мерекелік концерті, «Отбасы бар әдемі – Айналайын әлемі!» айдарымен  флеш-моб, «Отбасы психологиясы»  дөңгелек
«Жақсылық жаса!» жобасы
04
сентябрь
2019
«Жақсылық жаса!» жобасы
«Пана» театрының жас актерлері «Жақсылық жаса!» жобасы аясында Текелі қаласындағы қарттар үйінде «Мейірім шуағы» концертіне қатысып, «Менің атым – Қожа» мюзиклін сахналап, «Самға», «Бір үйдің баласындай», «Бірлігіміз жарасқан» әндерін орындап, қариялардың көңілдерін көтеріп қайтты. 
Тамыз айының жоспары бойынша байқаулар
12
август
2019
Тамыз айының жоспары бойынша байқаулар
Тамыз айының жоспары бойынша Қ.Қ.Жунусова «Пиратская вечеринка», А.Қ.Малибекова «Танцы про лето», Ш.Т.Жұмабекова «Жаз Ханзадасы мен Ханшайымы» байқауларын жоғарғы деңгейде өткізіп, өнер көрсету, киімдер дайындау, қолөнер заттарын жасау арқылы балалар шығармашылық қабілеттері мен ой – өрістерінің кең екенін көрсете алды. Іс – шаралар қызықты өтіп, балалар белсенділікпен қатысты.
Балалардың жазғы демалысы
25
июль
2019
Балалардың жазғы демалысы
Балалардың жазғы демалысын қызықты да пайдалы ұйымдастыру мақсатында 23-25-шілде күндері 83 тәрбиеленуші Текелі қаласындағы «Тау Жетісу» орталығына барып, кремет демалып қайтты. Жаздың ыстығында суға шомылу балаларға үлкен әсер қалдырды, кейбір кіші балалар жүзуді үйренді.Үлкен балалар кішілеріне қамқорлық көрсетіп, сыртта ұйымдастырылған  осындай іс – шараның  пайдасы - балалардың бір – біріне бауырмалдылығы арта түсті.
«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» айдарымен сурет байқауы
23
июль
2019
«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» айдарымен сурет байқауы
«Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілерінің жазғы демалысы қызықты әрі пайдалы ұйымдастырылуда.  Тәрбиеші - А.Қ.Дулықанова балаларға «Сыбайлас жемқорлық деген не?»   танымдық сабағын, Г.С.Мамырова «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» айдарымен сурет байқауын өткізді. Ең үздік деп танылған 5 сурет иесі мақтау қағазымен және барлық қатысушылар сыйлықтармен марапатталды. 
«Жаңа ұрпақ – нұрлы жаз!» атты жазғы лагерьдің ашылу салтанаты туралы мәлімет
18
июнь
2019
«Жаңа ұрпақ – нұрлы жаз!» атты жазғы лагерьдің ашылу салтанаты туралы
«Айналайын» Балалар үйі» КММ – де тәрбиеленушілердің жазғы демалысы 2019 жылдың  14 – маусымынан бастап Ескелді ауданы Көкжазық ауылындағы «Айналайын» демалу – сауықтыру лагерінде арнайы құрылған жоспарға сәйкес ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылында жазғы лагерьге демалуға 107 бала барды. 18 – маусым күні «Жаңа ұрпақ – нұрлы жаз!» атты жазғы лагерьдің ашылу салтанаты өтіп, Алматы облыстық білім басқармасы Қамқоршылық және қорғаншылық бөлім басшысы, «REACH»  қоғамдық ұйымының координаторы –
«Қош бол, алтын ұям!» атты мерекелік кеш
12
июнь
2019
«Қош бол, алтын ұям!» атты мерекелік кеш
7 маусым күні 9 – сынып бітіруші 15 және 11 – сынып бітіруші 7 түлекке арналған «Қош бол, алтын ұям!» атты мерекелік кеш өтті. Түлектер тәрбиеші – аналарына алғыстарын білдіріп, жүрекжарды тілектерін ән арқылы жолдап, қоштасу вальсін биледі. Аналары түлектерге ақ жол, сәт сапар тілеп, сыйлықтарын тапсырды. Алдағы үлкен сынақ ҰБТ – ға үш тәрбиеленуші қатысып, бақтарын сынайтын болады. Басқа балалар арнаулы орта білім алуға өз таңдауларын жасады.
Іс-шаралар
03
июнь
2019
Іс-шаралар
«Айналайын» Балалар үйі» КММ – де Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған  «Бақытты балалық шақ» мерекесі аясында мерекелік концерт ұйымдастырылып, «Должны смеятся дети!» сюжеттік биі,  «Қуыршақ » биі, «Детство», «Бір үйдің баласындай» , «Улыбка» әндері, тәрбиеші – аналардың орындауында  «Балапаным» әні, «Менің атым - Қожа» мюзиклі орындалды. Мереке қонақтары - Әскери полиция қызметкері – Алтынбеков Нұрсұлтан Абайұлы
Талдықорған – Қапал  бағыты бойынша 7 – 10 – сыныпта оқитын 40 бала, 5 тәрбиеші экскурсияға барып қайтты
30
май
2019
Талдықорған – Қапал бағыты бойынша 7 – 10 – сыныпта оқитын 40 бала,
М.Тынышбаев атындағы Алматы облыстық тарихи – өлкетану музейі МКҚК – ның ұйымдастыруымен «Жетісу жауһарлары» жобасы аясында Талдықорған – Қапал  бағыты бойынша 7 – 10 – сыныпта оқитын 40 бала, 5 тәрбиеші экскурсияға барып қайтты. Саяхатшылар Ақын Сара кесенесіне тәу етіп, Қапал батыр ескерткішіне тоқтап,   Тамшыбұлақ қайнарынан дәм татып, Татар мешіті мен  Түзем мектебін аралап, төрт бөлімнен тұратын  Ақын Сара мемориалды музейінің әр бөлімімен  жеке - жеке танысты. Жетісу бұлбұлы Сара
Динамо
29
май
2019
Динамо
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Қазақстан балаларына Динамодан. Жүректен жүрекке»  қайырымдылық акциясы аясында Алматы облысы Полиция департаменті мен Алматы облысы «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамдық бірлестігінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен
НацБанк
27
май
2019
НацБанк
27 – мамыр күні Ұлттық банктің Алматы облыстық филиалының қызметкерлері А.Ж.Рысбеков, Е.Е.Жангаранов, М.М.Башабаева, Г.М.Тундыбаева, О.Б.Казбеков Балаларды қорғау күні қарсаңында 70 баланы «Киноплекс Талдыкорган» кинотеатрына «Мстители» фильміне, 25 баланы «Funky tawn»  ойын – сауық орталығына апарып, балаларға керемет көңіл күй сыйлады. 
Форум
23
май
2019
Форум
2 – мамыр күні Жастарға қызмет көрсету орталығында Алматы облысы бойынша Экология департаментінің ұйымдастыруымен өткен «5 – маусым Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні» мерекесіне орай «Жастар экологиялық форумына» балалар үйінің басшысы – Жадыра Еркінбекқызы Сейсембаева және экологиялық сурет байқауларының жеңімпаздары – 2018 жылғы «Экология балалар көзімен»  облыстық және республикалық сурет байқауының Бас жүлдегері Веснина Ольга, 2019 жылғы «Жасыл технологиялар балалар көзімен» облыстық
Туған күн
20
май
2019
Туған күн
18 – мамыр күні Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті гуманитарлық факультет деканы Рахимова Айна Маратқызы, жаратылыстану – техникалық факультет деканы Есенғабылов Ілияс Жансеркенұлы және аталған факультеттер оқытушылары мен білімгерлерінің қатысуымен мамыр айында туған балалардың туған күн мерекесі аталып өтті. 
Өнегелі аналар
17
май
2019
Өнегелі аналар
15 – мамыр күні балалар үйінің қызметкерлері арасында «Өнегелі аналар» байқауы ұйымдастырылып, тәрбиеші – аналар, аспаз – аналар, дәрігер – аналар «Қыз тәрбиесі – адамзат тәрбиесі», «Қыз – ұлттың ұяты», «Әке көрген – оқ жонар»,  «Рухтың тамыры әкеде», «Ұлттық тағам – ұлт мақтанышы», «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» тақырыптарында сахналық қойылымдар қойды. 
Отбасы күні
17
май
2019
Отбасы күні
15 мамыр - халықаралық   отбасы   күні.  1993  жылы  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген бұл мереке түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. 
Іс-шаралар
11
май
2019
Іс-шаралар
8 – мамыр күні «Пана» театрының 17 жас актері тәрбиеші – Жанар Әлімханқызы Өмірзақовамен Бикен Римова атындағы драма театрға Қазақстан Жазушылар, Журналистер және Театр қайраткерлері одағының мүшесі, прозашы – драматург – Лидия Исаевна Егембердиеваның «Жұмақ маған бұйырмас» драмасын тамашалап қайтты. 
Іс-шаралар
02
май
2019
Іс-шаралар
Қазақтың құлагер ақыны, көрнекті  қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына орай Талдықорғандағы ақынның әдеби-мемориалдық мұражайында тәрбиеші Жұлдыз Аханбайқызы Бұхарбаеваның ұйымдастыруымен «Қазақ поэзиясының Құлагері» айдарымен ашық тәрбие сағаты өтті. 
Орталық қалалық балалар кітапханасына саяхатқа апарды.
26
апрель
2019
Орталық қалалық балалар кітапханасына саяхатқа апарды.
26 – сәуір күні «Айналайын»Балалар үйі» КММ – нің кітапханашысы – Ләззат Қасымова мен тәрбиеші – Тамаша Егеубаева 5 – 7 – сынып оқушыларын Орталық қалалық балалар кітапханасына саяхатқа апарды.
«Жас ақын - 2019»
26
апрель
2019
«Жас ақын - 2019»
2019 жылдың сәуір айында Білім беру əдістемелік орталығы «New Opportunities» ЖШС –  нің ұйымдастыруымен Нұр – Сұлтан қаласында өткен «Жас ақын - 2019» байқауына қатысып «Айналайын» Балалар үйі» КММ – нің тәрбиеленушісі, 6 – сынып оқушысы – Мерқали Алтынай, тәрбиешісі – Мамырова Гүлден Сатығұлқызының жетекшілігімен, «Аналар – асыл жандар» номинациясы бойынша Бас жүлде иеленді. 
Жалпықалалық сенбілікке қатысу туралы мәлімет
22
апрель
2019
Жалпықалалық сенбілікке қатысу туралы мәлімет
Жалпықалалық сенбілікке қатысу туралы мәлімет 20 – сәуір күні жалпықалалық сенбілікке «Айналайын» Балалар үйі» КММ – нің барлық қызметкерлері қатысып, балалар үйінің ауласын тазалап, жеміс ағаштарын ақтап, аула сыртындағын тоғандарды тазартты. 3 алма ағашын, 25 түп раушан гүлін отырғызды. Бордерлер сырланып, ағаш қоршаулар (живая изгородь) қиылды. 
«Жасыл технологиялар балалардың көзімен»
22
апрель
2019
«Жасыл технологиялар балалардың көзімен»
Тәрбиеленушілерге экологиялық проблемаларға және табиғатқа ұқыпты қарау маңыздылығына назар аудару және заманауи технологиялардың көмегімен табиғатты сақтауға өз үлесін қосуға болатынын көрсету мақсатында Алматы облысы бойынша Экология департаменті наурыз айында Алматы облысының балалар үйлерінің  тәрбиеленушілер арасында «Жасыл технологиялар балалардың көзімен»  атты экологиялық суреттер конкурсын ұйымдастырып, «Айналайын» Балалар үйі» КММ – нен 23 бала байқауға қатысты. 
«Сервис және технология колледжіне» экскурсия
17
апрель
2019
«Сервис және технология колледжіне» экскурсия
Мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру мақсатында «Жігер» тобының тәрбиешісі – Жұманова Фариза Абдрашимовна   9 – 11 – сыныпта оқитын тәрбиеленушілерді  «Сервис және технология колледжіне» экскурсияға апарып, аспазшы, шаштараз және электронды есептеуші мамандықтарымен танысып қайтты.
«Ұлы даланың жеті қыры»  тақырыбында    облыстық семинар
29
март
2019
«Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында облыстық семинар
29-наурыз күні «Айналайын» Балалар үйі» КММ-де ҚР Тұңғыш президенті  Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын терең түсініп, тарихи сананың қалыптасуын дәріптеу мақсатында   «Ұлы даланың жеті қыры»  тақырыбында    облыстық семинар өтті.  Семинарға «Алматы облыстық Білім басқармасы» ММ – сі    басшысының  орынбасары – Жаңыл Мағданқызы Сулейменова, Қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің басшысы – Алиям Максимовна Молотова, облыстық білім беру мекемелері, балалар үйі мен интернаттық
іс-шаралар
20
февраль
2019
іс-шаралар
2019 жылдың 16 -17 – ақпан күндері «Атадан – мұра» қорының ұйымдастыруымен  Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Мәңгілік ел» идеясын қолдау және жасөспірімдер мен жастар арасында кең насихаттау, ұрпақ санасына ұлтжандылық рухын сіңіріп, таным көкжиегін байыту, балалар мен жасөспірімдердің рухани, адамгершілік және көркемдік дамуын қалыптастыру мақсатында бүлдіршіндер,
іс шаралар
20
февраль
2019
іс шаралар
2018 жылдың 28 желтоқсан күні «Айналайын»Балалар үйі» КММ – нің музыкалық залында өткен балалардың жаңажылдық жасыл шырша мерекесіне Алматы облысының әкімі – Амандық Ғаббасұлы Баталов келді. Облыс әкімі А.Ғ.Баталовты облыстық білім басқармасының басшысы Д.Х.Жүнісов, балалар үйінің директоры Ж.И.Сейсембаева және Аяз Ата, Ақшақар мен «Сезам» қуыршақ театрының кейіпкерлері қарсы алды.  Музыкалық залда Жаңа жылдық әсем әуен ойнап тұрды.
Назад 1 2 Вперед