«Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы тегеурінді қаламгер» » "Айналайын" балалар үйі"
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 30-23-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы тегеурінді қаламгер»
30
сентябрь
2019

«Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы тегеурінді қаламгер»

16-28 қыркүйек күндері балалар үйінің директоры бекіткен жоспарға сәйкес ақын, драмашы, прозашы, сатирик, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына арналған «Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы тегеурінді қаламгер» атты қазақ тілі апталығы өтті.
 Қазақ тілі онкүндігінің ашылу салтанатында Ж.И.Сейсембаева мен Н.Баймадиева   Ілияс ақынның өмірімен таныстырып,  
тәрбиешілерге барлық балаларды  І.Жансүгіровтың әдеби мұражайына саяхатқа және Жетісу мемлекеттік университетінің Ілиястану кафедрасына экскурсияға апаруды тапсырды. 
Ілияс мұрасымен танысып, бірігіп кітап оқу мақсатында  М.С.Жанайбекова балаларды кітапханаға апарып, «Ерлік» клубының мүшелерінің ұйымдастыруымен  «Күйші» поэмасын, «Қазақшаң қалай, Айналайын?» клубы «Құлагер» поэмасын бірігіп оқып, мазмұнын талдады. 
21 – қыркүек күні жоғары санатты тәрбиеші – Алма Сембекқызы Омарованың ұйымдастыруымен І.Жансүгіровтың  әдеби мұражайында «Мерей» тобының тәрбиеленушілерінің қатысуымен  «Жетісудың жыр құлагері - Ілияс» айдарымен танымдық сабақ өтті. 
1984 жылы құрылған  мәдени-ғылыми мекеменің меңгерушісі Жауынбаева Нұргүл Қызырбекқызы балаларды Ілияс ақынның өмір жолымен таныстырып,  тәлім алып, ұстаз тұтқан тұлғалардың суреті мен қазақ ауыз әдебиетінің нұсқаларын, ақынның "Күй" поэмасына арқау болған қобызшы Молықбайдың қобызын, ақын кабинетіндегі жазу үстелі, күнделікті пайдаланған қағаз-қаламдарын, сонымен бірге Бейімбет Майлинмен жазысқан хаттарын және басқа да жеке заттарын көрсетіп, балалардың қызығушылығын арттыра түсті. 
    Балалар әдебиеттің барлық негізгі жанрларында қалам тартқан ұлы тұлға өміріне шолу жасап,  ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Ілияс Жансүгіровтың әдеби мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында жоспарланған іс – шара жоғары деңгейде өтті. «Бөбек» тобында Д.Э.Идрисова Ілияс Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңі бойынша, кітапханада «Жетісу» тобының тәрбиешісі К.Т.Жексембаева Ілияс Жансүгіровтың  сатиралары бойынша оқырман конференциясын, «Жігер» тобында М.Т.Буржанова «Ағынды менің Ақсуым» әдеби – сазды кешін өткізіп, «Қыз Жібек» клубының белсенділерінің ұйымдастыруымен  «Егіз жүрек – Ілияс пен Фатима» фильмі көрсетілді.  «Ілияс Жансүгіров – қазақтың ұлы тұлғасы»  айдарымен балалар кеңесі қабырға газеттері байқауын өткізіп, «Ілияс Жансүгіровтың өмір жолы» тақырыбында рефераттар  жазылды.       
     Т.Е.Егеубаева «Үміт» тобында  «Ілиястың Жетісу суреттері» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысын,  А.Қайратбекқызы «Арай» тобында «Ілияс Жансүгіров «Абайдың сөз өрнегі» дөңгелек үстелін,  Ж.А.Букарбаеваның ұйымдастыруымен музыкалық залда «Құлагер» поэмасы бойынша қойылым сахналанды. Онкүндік аясында жоспарланған іс – шараларды  Ілияс Жансүгіровтың  «Жастар ұраны» өлеңі бойынша сайыс сабақпен Д.Ш.Умерзакова қорытындылады. 

          Онкүндіктің қорытынды кешінде ең үздік сабақ көрсеткен «Ұлан» тобы мен керемет музыкалық – театрландырылған қойылым қойған «Жазира» тобының тәрбиеленушілері, қабырға газеттерін шығарған әр топтың редколлегия мүшелері, мәнерлеп оқу сайысының жеңімпаздары, іс – шараларға белсене қатысқан балалар мақтау қағаздары мен ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Онкүндік жоғарғы деңгейде өтіп, Ілияс шығармаларының жілігін шағып, майын ішкен тәрбиешілер мен балалар әкімшіліктің оң бағасын алды. 





Похожие публикации:

03 июнь 2019 Іс-шаралар
29 май 2019 Динамо
27 май 2019 НацБанк
23 май 2019 Форум
20 май 2019 Туған күн
17 май 2019 Отбасы күні
02 май 2019 Іс-шаралар
26 апрель 2019 «Жас ақын - 2019»
20 февраль 2019 іс-шаралар
20 февраль 2019 іс шаралар
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив