Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығы » "Айналайын" балалар үйі"
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 30-23-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығы
21
сентябрь
2019

Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығы

Ақын, драмашы, прозашы, сатирик, қоғам қайраткеріІлияс Жансүгіровтың 125 жылдығына арналған «Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы тегеурінді қаламгер» атты қазақ тілі  онкүндігі аясында жоғары санатты тәрбиеші – Алма Сембекқызы Омарованың ұйымдастыруымен қаламыздағы І.Жансүгіровтың  әдеби мұражайында «Мерей» тобының тәрбиеленушілерінің қатысуымен  «Жетісудың жыр құлагері - Ілияс» айдарымен танымдық сабақ өтті. 
1984 жылы құрылған  мәдени-ғылыми мекеменің меңгерушісі Жауынбаева Нұргүл Қызырбекқызы балаларды Ілияс ақынның өмір жолымен таныстырып,  тәлім алып, ұстаз тұтқан тұлғалардың суреті мен қазақ ауыз әдебиетінің нұсқаларын, ақынның "Күй" поэмасына арқау болған қобызшы Молықбайдың қобызын, ақын кабинетіндегі жазу үстелі, күнделікті пайдаланған қағаз-қаламдарын, сонымен бірге Бейімбет Майлинмен жазысқан хаттарын және басқа да жеке заттарын көрсетіп, балалардың қызығушылығын арттыра түсті. 
            Балалар әдебиеттің барлық негізгі жанрларында қалам тартқан ұлы тұлға өміріне шолу жасап,  ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Ілияс Жансүгіровтың әдеби мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында жоспарланған іс – шара жоғары деңгейде өтті. 

Похожие публикации:

03 июнь 2019 Іс-шаралар
29 май 2019 Динамо
23 май 2019 Форум
20 май 2019 Туған күн
17 май 2019 Отбасы күні
11 май 2019 Іс-шаралар
02 май 2019 Іс-шаралар
26 апрель 2019 «Жас ақын - 2019»
21 февраль 2019 Нәтижелер
20 февраль 2019 іс шаралар
19 февраль 2019 Нәтижелер
18 февраль 2019 Нәтижелер