«Жаңа ұрпақ – нұрлы жаз!» атты жазғы лагерьдің ашылу салтанаты туралы мәлімет » "Айналайын" балалар үйі"
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 30-23-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жаңа ұрпақ – нұрлы жаз!» атты жазғы лагерьдің ашылу салтанаты туралы мәлімет
18
июнь
2019

«Жаңа ұрпақ – нұрлы жаз!» атты жазғы лагерьдің ашылу салтанаты туралы мәлімет

«Айналайын» Балалар үйі» КММ – де тәрбиеленушілердің жазғы демалысы 2019 жылдың  14 – маусымынан бастап Ескелді ауданы Көкжазық ауылындағы «Айналайын» демалу – сауықтыру лагерінде арнайы құрылған жоспарға сәйкес ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылында жазғы лагерьге демалуға 107 бала барды.
18 – маусым күні «Жаңа ұрпақ – нұрлы жаз!» атты жазғы лагерьдің ашылу салтанаты өтіп, Алматы облыстық білім басқармасы Қамқоршылық және қорғаншылық бөлім басшысы, «REACH»  қоғамдық ұйымының координаторы – Б.Усенов,  «Жетісу» телеарнасының журналистері қатысты. 
    Мереке өтетін жазғы алаңға сап түзеу кезінде жүргізуші әр топ жетістіктерін атап шақырып, «Бөбек», «Үміт», «Жазира», «Мерей», «Арай», «Жігер», «Жетісу», «Ұлан» топтарының тәрбиеленушілері өз топтарын таныстырып, ұрандатып ортаға шықты. 
Мереке барысында «Бақытты балалық шақ» сюжеттік биі, «Улыбка», «Көкорай көктем», «Бір үйдің баласындай» әндері, мектеп бітіруші түлектердің орындауында «Қоштасу», қыздар тобының  орындауында заманауи билер орындалды. 
Мереке қонақтарына құттықтау сөз кезегі беріліп, балаларға балмұздақтар таратылды. Кіші балалар асфальтта сурет салу байқауына қатысып, сыйлықтар иеленді. Түскі асқа мерекелік дастархан жайылды. 
Жазғы лагерьдің ашылу салтанатына арналған іс – шаралар жоспарға сай жоғары деңгейде өтті.

Похожие публикации:

03 июнь 2019 Іс-шаралар
29 май 2019 Динамо
23 май 2019 Форум
20 май 2019 Туған күн
17 май 2019 Отбасы күні
11 май 2019 Іс-шаралар
21 февраль 2019 Нәтижелер
20 февраль 2019 іс-шаралар
20 февраль 2019 іс шаралар