Туған күн » "Айналайын" балалар үйі"
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 30-23-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
май
2019

Туған күн

18 – мамыр күні Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті гуманитарлық факультет деканы Рахимова Айна Маратқызы, жаратылыстану – техникалық факультет деканы Есенғабылов Ілияс Жансеркенұлы және аталған факультеттер оқытушылары мен білімгерлерінің қатысуымен мамыр айында туған балалардың туған күн мерекесі аталып өтті. 
Гуманитарлық факультеттің студенттерінің жетекшілігімен   жыл бойы жүргізілген ағылшын тілі курсының бастапқы кезеңін толық аяқтап, белсенділік танытқан 1 – 7 – сынып оқушыларын Айна Маратқызы университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры – Болат Абдулдаевич  Сариевтің алғыс хатымен марапаттады. 
 «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының  2 курс білімгері – Шенгелбаева Ақерке Сәрсенбайқызына және  «Rise up» тобының еріктілеріне бос уақыттарын пайдалы іске жұмсап, балалар үйінің бүлдіршіндеріне ағылшын тілін терең меңгеруге ықпал етіп, пәнге қызығушылықтарын арттырып, білімқұмарлықтарын дамытып, рухани – адамгершілік тәрбие де беріп жүргені үшін «Айналайын» балалар үйі  ұжымының  атынан алғыс хат берілді. 
Ілияс Жансеркенұлы  туған күнін тойлаған 12 балаға өздері қалаған сыйлықтарын тапсырып, барлық балаларға тәттілер таратылды. Кәсіптік оқыту мамандығының оқытушысы Сүлеймен Жантуар ағайлары бүлдіршіндерге арнап бірнеше ән орындап, балаларды ортада билетіп, керемет көңіл күй сыйлады. Туған күн мерекесі өте қызықты өтті. 




Похожие публикации:

17 май 2019 Отбасы күні
11 май 2019 Іс-шаралар
03 май 2019 Ашық байкау
02 май 2019 Іс-шаралар
30 апрель 2019 Нәтижелер
26 апрель 2019 «Жас ақын - 2019»
21 февраль 2019 Нәтижелер
21 февраль 2019 Нәтижелер
19 февраль 2019 Нәтижелер
20 февраль 2019 іс-шаралар
20 февраль 2019 іс шаралар
09 февраль 2019 Ашық байкау
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив