02
май
2019
Іс-шаралар
Қазақтың құлагер ақыны, көрнекті қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына орай Талдықорғандағы ақынның әдеби-мемориалдық мұражайында тәрбиеші Жұлдыз Аханбайқызы Бұхарбаеваның ұйымдастыруымен «Қазақ поэзиясының Құлагері» айдарымен ашық тәрбие сағаты өтті.
1984 жылы құрылған Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығына арналған мәдени-ғылыми мекемеде балалар ақын тәлім алып, ұстаз тұтқан ақындардың суреті мен қазақ ауыз әдебиетінің нұсқаларын, ақынның "Күй" поэмасына арқау болған қобызшы Молықбайдың қобызын, ақын кабинетіндегі жазу үстелі, күнделікті пайдаланған қағаз-қаламдарын, сонымен бірге Бейімбет Майлинмен жазысқан хаттарын және басқа да жеке заттарын көріп танысты.
Балалар әдебиеттің барлық негізгі жанрларында қалам тартқан ұлы тұлға өміріне шолу жасап, «Құлагер» поэмасынан үзінді сахналап, ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Ілияс Жансүгіровтың әдеби мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында жоспарланған іс – шара жоғары деңгейде өтті.