26
апрель
2019
Орталық қалалық балалар кітапханасына саяхатқа апарды.
26 – сәуір күні «Айналайын»Балалар үйі» КММ – нің кітапханашысы – Ләззат Қасымова мен тәрбиеші – Тамаша Егеубаева 5 – 7 – сынып оқушыларын Орталық қалалық балалар кітапханасына саяхатқа апарды. Кітапхана қызметкерлері балаларды «Жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімімен», «Төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімімен», «Ақпаратты – библиографиялық бөлімімен», «Кітап қорын сақтау бөлімімен» таныстырып, қызықты әдебиеттер ұсынды. «Ертегіші» клубы балаларға «Сиқырлы қаймақ» және «Капризка» қуыршақ театрын сахналады.
118980 кітап қоры бар, соның ішінде 16033 қазақша әдебиетін ұсына алатын балалар кітапханасына саяхат балалардың кітапқұмарлығын арттыра түсті.
118980 кітап қоры бар, соның ішінде 16033 қазақша әдебиетін ұсына алатын балалар кітапханасына саяхат балалардың кітапқұмарлығын арттыра түсті.