«Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында облыстық семинар » "Айналайын" балалар үйі"
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 30-23-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында облыстық семинар
29
март
2019

«Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында облыстық семинар

29-наурыз күні «Айналайын» Балалар үйі» КММ-де ҚР Тұңғыш президенті  Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын терең түсініп, тарихи сананың қалыптасуын дәріптеу мақсатында  «Ұлы даланың жеті қыры»  тақырыбында    облыстық семинар өтті.  Семинарға «Алматы облыстық Білім басқармасы» ММ – сі    басшысының  орынбасары – Жаңыл Мағданқызы Сулейменова, Қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің басшысы – Алиям Максимовна Молотова, облыстық білім беру мекемелері, балалар үйі мен интернаттық мекемелердің  басшылары, орынбасарлары, психологтары мен тәрбиешілері, «Жетісу» телеарнасы, «Жетісу» газетінің тілшілері, «Айналайын» балалар үйінің педагог – қызметкерлері  қатысты. 
Семинардың ұйымдастыру кезеңінде балалар үйінің психологы – Т.Б.Тұрдахынбаева «Танысу» тренингін өткізіп, шығармашылық жұмыс жүргізуге ыңғайлап, келген қонақтарды 5 топқа бөліп отырғызды. 
Алғашқы сөз кезегі  «Алматы облыстық Білім басқармасы» ММ – сі   басшысының  орынбасары – Жаңыл Мағданқызы Сулейменоваға берілді. «Айналайын» балалар үйі»КММ – нің директоры Жадыра Иркимбекқызы Сейсембаева семинардың тәрбие жұмысына маңыздылығына тоқталып, тәрбиеленушілердің жетістіктерін айтып,  балалар үйі туралы фильмнің көрсетілімін ұсынды. 
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушысы – Хуанган Өнербек мырза  «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт: Ұлы Жібек жолы», тәрбиеші Шұғыла Тұрсынқызы Жұмабекова «Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны» атты  баяндама жасады. «Алма мен қызғалдақтың пайда болуы туралы аңыз» сюжеттік биі қойылып, жоғарғы санатты тәрбиеші Толқын Тілеубекқызы Абилмажинова «Ежелгі қазақ   даласының байлығы» тақырыбында жоба қорғады. Жоғарғы санатты тәрбиеші Алма Сембекқызы Омарова «Ұлы даланың жеті қыры – тәрбие бағытында» айдарымен семинардың ұйымдастыру кезеңінде бөлінген бес топпен шығармашылық жұмыс жүргізіп, «Ұлы даланың жеті қыры»   мақаласын дәріптеу мақсатында қандай тәрбие жұмыстарын атқарып жүргендерімен тәжірибе алмасты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында салт – дәстүрді дәріптеу мақсатында балалар үйінің тәрбиешілерінің орындауында «Күміс білезік» қойылымы, ІІ республикалық «Ұлы дала ұрпағы» байқауының және «Қазақстан – менің алтын бесігім» өнер фестивалінің бас жүлде иегерлері,  «Пана» театрының жас актерлерінің орындауында «Менің атым – Қожа» мюзиклі сахналаны. «Бөбек» тобының орындауында «Жер жаннаты – Жетісу»,  ІІ республикалық «Ұлы дала ұрпағы» байқауының «Эстрадалық вокал» аталымы бойынша бас жүлде иегерлері Мерқали Сағыныш, Скотарева Валентина, Тойшыбекова Аяулым, Аукенова Сезімнің орындауында «Бір үйдің баласындай», Веснина Ирина мен Мерқали Жансаяның орындауында «Көкорай көктем» әндері,  ІІ республикалық «Ұлы дала ұрпағы» байқауының бас жүлдегері «Айналайын» би тобының орындауында «Аңшы» биі орындалды.  
Ел дамуында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының алатын орны ерекше , сондықтан оның мазмұнын әр азамат өзінің ой елегінен зерделеп, әсіресе зиялы қауым осыны халыққа жеткізіп, халық санасының еркіндігін әрі қарай көтеруі керек. Әрине рухы күшті ел, рухы мықты ел әрқашан да алда болатындығы белгілі, - деген пікірлер айтып, келген қонақтар семинарға оң бағаларын білдіріп қайтты.