20
февраль
2019
іс шаралар
2018 жылдың 28 желтоқсан күні «Айналайын»Балалар үйі» КММ – нің музыкалық залында өткен балалардың жаңажылдық жасыл шырша мерекесіне Алматы облысының әкімі – Амандық Ғаббасұлы Баталов келді. Облыс әкімі А.Ғ.Баталовты облыстық білім басқармасының басшысы Д.Х.Жүнісов, балалар үйінің директоры Ж.И.Сейсембаева және Аяз Ата, Ақшақар мен «Сезам» қуыршақ театрының кейіпкерлері қарсы алды.
Музыкалық залда Жаңа жылдық әсем әуен ойнап тұрды.
Үш жылқы мен Санта Клаустар билеп шығып, өздерімен бірге Аяз ата мен Ақшақарды және кішкентай күшіктер мен торапайларды ала келді. Ең кіші торапай «2019 жыл» деп безендірілген көлік мініп шығып, ортада билеп қонақтарға ерекше көңіл күй сыйлады. Аяз ата мен балалар қаламыздың көрнекті жерлерінің көбейгенін мақтанып айтып, Талдықорған қаласының ең мәдени, ең таза, ең әдемі қала атанғанын айтып, Амандық ағаларына алғыстарын білдірді. Астанада өткен «Бүгіннің баласы – болашақтың данасы» І республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің жеңімпазы «Айналайын» балалар үйінің бишілер тобы «Испан» биін биледі. Ақшақар «Жаңа жыл» әнін орындап, балалар шыршаны айналып биледі.
Амандық Ғаббасұлы балаларды Жаңа жылдарымен құттықтап, түрлі – түсті қағаз шығаратын принтер, бейнекамера, планшет, ойыншықтар мен тәттілер сыйлады.
Мерекеге облыс әкімінің орынбасары – А.Ж.Абдуалиев, қала әкімі – Д.Т.Шалтабаев, баспасөз және телеарна тілшілері қатысты.