12
декабрь
2019
Өрт қауіпсіздігнің алдын алу
Өрт қауіпсіздігнің алдын алу
Талдықорған қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғаныс капитаны Мусекенова Айғаным Даулетбекқызы мен басқарма инжинері азаматтық қорғаныс аға лейтенанты Қасымжанова Алия Калибекқызы балалар үйінің тәрбиеленушілерімен алдағы жаңа жылдық мерекелерді қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету мақсатында алдын алу іс-шарасын жүргізді. Жаңа жылды мерекелеу кезінде оқыс оқиғаларға тап болмас үшін өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтау ережелерімен таныстырып, пиротехникалық бұйымдарды мұқият қолдануды қатаң ескертті. «Жаңажылдық өрт қауіпсіздігі» айдарымен ұйымдастырылған сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттап, төтенше жағдайларға байланысты сұрақтарға дұрыс жауап берген балаларға Аяз ата мен Ақшақар тәттілер таратты.