«Жылдам оқу» » "Айналайын" балалар үйі"
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 30-23-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
декабрь
2019

«Жылдам оқу»

Балалардың интеллектуалдық тұрғыдан толығуына, рухани баюына септігін тигізіп, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Жылдам оқу» үйірмесінің мүшелері: 5 – сыныпта оқитын Черняев Евгений, Хвостов Денис, Мерқали Жансая, Ниязбаев Дидар және 6 – сынып оқушылары Абишев Нұрәли, Әукен Ерсұлтан, Федорович Ульяна, Тұрсынақын Нұрболат, Веснина Ирина қатысуымен «Кітапқұмарлар сайысы» өтті.
Балаларға сары, жасыл, қызыл түсті конфеттер үлестіріліп, сол бойынша үш топқа бөлінді. Әр топқа қағаз қиындыларына жазылған сөздер беріліп, сол сөздермен мақал құрау тапсырылды.
1. Алтын алма, ақыл ал.
2. Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.
3. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір. Сайыскерлер, осы мақалдарға сәйкес өз топтарына «Білімділер» (Ирина, Жансая, Ульяна), «Оқымыстылар» (Евгений, Дидар, Денис), «Ақылдылар» (Нұрәли, Ерсұлтан, Нұрболат) деп ат қойды.
«Бәйге» кезеңінде әр топқа 5-6-сыныптың Қазақ әдебиеті оқулығындағы шығармалар бойынша 10 сұрақтан қойылып, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан берілді. «Дода» кезеңінде «Нағыз әже қайда?», «Менің атым - Қожа», «Анасын сағынған бала» шығармаларынан 10-100 ұпайлық сұрақтар қойылды. «Топтан топқа» кезеңінде әр топ қарсылас екі топқа «Бауыр» және «Мексика ұлы» әңгімесі бойынша сұрақтар қойды. «Суреттер сөйлейді» кезеңінде берілген суреттер бойынша шығарманы табу тапсырылды. Сайыс тартысты болып, І орынды «Білімділер», ІІ орынды «Оқымыстылар», ІІІ орынды «Ақылдылар» иеленіп, «Ең кітапқұмар бала» кубогын Мерқали Жансая жеңіп алды.




Похожие публикации:

16 ноябрь 2019 Құқық апталығы
02 ноябрь 2019 Күз мерекесі
01 ноябрь 2019 «Динамо»
23 май 2019 Форум
20 май 2019 Туған күн
02 май 2019 Іс-шаралар
26 апрель 2019 «Жас ақын - 2019»
20 февраль 2019 іс-шаралар
20 февраль 2019 іс шаралар
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив